Шымкентте есірткі тұтынуға байланысты есепте тұрған 7 адам дәрігерлердің ескертуіне қарамастан міндетті медициналық зерттеп-қаралудан және емделуден жалтарған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала прокуратурасы мәліметінше, олар ҚР ӘҚБтК-нің 429-бабы 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапқа тартылған.
Яғни 19 660 теңге көлемінде айыппұл салынған.
Прокуратура есірткі тұтынуға байланысты есепте тұрған адамдар алғашқы 6 айда ай сайын, содан кейін тоқсанына кемінде бір рет медициналық тексерістен тұрақты өтуге міндетті екенін еске салды. Бұл ереже Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен белгіленген.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз