Бұл екі арада Израиль әскері тыныш жатқан жоқ.

Ливанның оңтүстігіндегі «Хезболланың» әскери инфрақұрылымына қайта әуеден соққы жасады.

Әскери операция ұйымның еврей еліне қарсы әрекеттеріне байланысты жүргізілген. Себебі қозғалыс жасақтары шекара маңында белсенділік танытқан. Шабуылға байланысты аймақтағы 5 ауылдың тұрғындары шұғыл эвакуацияланды. Ливан Премьер-министрі Наваф Салам Израиль соққыларын халықаралық құқыққа қайшы деп айыптады. Сондай-ақ бомбалау келісім бойынша оңтүстіктегі шекараны бақылауға алу жоспарына кедергі келтіріп жатқанын атап өтті.