Бүгін, 2025 жылғы 1 қыркүйекте Қытайдың Тяньцзинь қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті өз жұмысын бастады. Биылғы саммит «Шанхай рухын ілгерілету: ШЫҰ іс-әрекетте» тақырыбымен өтуде, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Саммитке 20-дан астам елдің басшылары қатысуда. Олардың қатарында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей Президенті Владимир Путин, Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди (ол саммитке жеті жыл үзілістен кейін алғаш рет қатысып отыр) және Иран Президенті Масуд Пезешкиан бар.
Айта кетейік,Қасым-Жомарт Тоқаев саммиттің жалпы отырысында Беларусь, Үндістан және Иран басшыларынан кейін төртінші болып сөз сөйлейді.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ШЫҰ саммитіне қатысушы елдердің делегация басшылары құрметіне ұйымдастырылған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысу үшін Тяньцзиндегі "Мэйцзян" конференц-орталығына барғанын жазғанбыз.