Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында еліміздің егемендігі мен демократиясының және тұрақты дамуының берік негізіне айналған Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты жиында Конституцияның тәуелсіз, демократиялық мемлекет құрудағы, заманауи құқықтық жүйені қалыптастырудағы және қазақстандық мемлекеттік құрылымның институционалдық негіздерін нығайтудағы маңызды рөлі жайында айтылған.

Шара барысында академия ректорының м.а. Қ.Қ. Мусин Конституцияның құқық үстемдігін қамтамасыз етудегі және мемлекеттік жүйенің тұрақтылығын бекітудегі маңызына тоқталды.

Сонымен қатар профессор, саяси ғылымдар докторы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі В.А. Жексембекова «Қазақстан Республикасы Конституциясының эволюциясы аясындағы саяси жүйенің өзгеруі» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде тәуелсіздік жылдарындағы мемлекеттің стратегиялық басымдықтарын атап өтіп, сындарлы кезеңдерде елді біріктірген Конституцияның даму кезеңдері туралы айтты.