Венесуэла Колумбиямен шекарадағы қауіпсіздікті күшейтіп жатыр .

Президент Николас Мадуроның тапсырмасымен мұнда 15 мың әскери орналасқан. Есірткіге қарсы күрес операциясы Зулия және Тачира штаттарында жүргізіледі. Патрульдеуге дрондар, катерлер және әскери авиация жұмылдырылады. Бұл бастама аймақтағы ахуал шиеленісіп тұрған тұста қабылданды. Себебі АҚШ-тың әскери кемелері Кариб теңізінің оңтүстігінде орналасып, ауқымды операциялар жүргізіп жатыр. Пентагон жасаған мәлімдеме бойынша Венесуэла жағалауына 4 мың теңізші және 2 мыңнан астам жаяу әскері бар десанттық кемелер жіберілген.