Жетісайдағы жанар-жағармай бекетіндегі қайғылы оқиға бойынша сот үкімі шықты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жай

Наурызда жанар-жағармай бекетінде өрт қауіпсіздік ережелері сақталмай, салдарынан екі адам күйіп қалып, кейін олар көз жұмды. Тағы үш адам жарақат алды.

Сот үкімі

Түркістан облысы Жетісай ауданының соты жантүршігерлік жайт бойынша үкім шығарды. Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы абайсызда 2 адамның өліміне әкеп соққан оқиғаға сотталушылардың кінәлі екенін дәлелдеді.

Осылайша сот JOL YRYSY ЖШС-нің жүргізушісі мен оның басқарушы директорына әрқайсына 5 жылдан бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

"Келтірілген моральдық және материалдық шығын ішінара өтелді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", — деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget