Миланда (Италия) өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден 50-ші әлем чемпионатында Ұлттық құрама спортшысы Сергей Емельянов финалға жолдама алды, деп жазады Egemen.kz.
Отандасымыз жартылай финалдық бәсекенің жекелей сынында 200 метрде (каноэ) мәреге үшінші болып келді (С-1. олимпиадалық емес бағдарлама).
Енді С.Емельянов бүгін Астана уақытымен сағат 21:40-та жүлдеге таласады.
Qazsporttv мәліметінше бірінші орында испаниялық Пабло Гранья, ал екінші сатыда Польша өкілі Алексей Колядич тұр.