Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басқосуы өркениеттерді жақындастырып, өзара түсіністікке жол ашатын беделді алаңға айналды.

Бұл жиында адамзатқа ортақ құндылықтар, бейбіт өмір мен татулық мәселелері күн тәртібінен түскен емес.

1. 17-18 қыркүйекте Астанада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі өтеді. Қандай маңызды ұсыныстар талқыланбақ?

2. VIІI съезд жұмысына әлемнің шамамен 60 елінен 100-ден астам делегация қатысады деп күтілуде. Олардың қатарында түрлі діндердің рухани лидерлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар болатыны түсінікті. Айрықша атап өтетін тұлғалар бар ма?

3. Діндер диалогы болашақта қандай түйіткілді мәселелерді шешуге септігін тигізуі ықтимал?

Діндер диалогы – халықтар арасындағы татулық пен тұрақтылыққа бастайтын маңызды көпір. Осы жолы да әлемнің алпысқа жуық елінен келетін делегаттар бейбітшілікке үндейтін үнді асқақтатып, өркениеттер арасындағы өзара түсіністікті арттыруға үлес қоспақ. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі адамзаттың ортақ игілігі жолындағы бірліктің айқын көрінісіне айналады деп сенеміз.

Спикер: Руслан Ибраев, Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы Сыртқы байланыстар және ақпараттық жұмыс департаментінің директоры.