Джей Лоның концерті сияқты ірі мәдени іс-шара өткізу Қазақстанға тиімді. Қаржы министрі Мәди Тәкиев шетелдік әртістің елдегі концерттік турына қатысты осындай пікірін білдірді , деп хабарлайды 24kz.
Оның айтуынша, Астанадағы концертке бес мың, ал Алматыға, 7 мыңдай шетелдік турист келген. Бұл экономикаға мультипликативті әсерін тигізбей қоймайды. Яғни, шетелдік меймандар қонақүйлерге тоқтап, сервистік қызметтерді пайдаланады, кәдесыйлар сатып алады. Сөйтіп, біраз қаржыны елімізге қалдырып кетеді. Екі концерттен бюджетке қанша табыс түскені әзір белгісіз. Қаржы министрі декларация тапсырылған кезде белгілі болатынын айтады. Бұған дейін Джей Ло концертін ұйымдастырушы 400 млн теңге көлемінде салық түседі деген еді. Бірақ нақтысы, келесі көктемде белгілі болады.