Ауылдарда 655 медициналық-санитариялық нысан салынады. Оның ішінде 260 медициналық, 235 фельдшерлік-акушерлік пункт және 160 дәрігерлік амбулатория бар.
Бүгінде 508 нысанның құрылысы аяқталды, жыл аяғына дейін тағы 150-ге жуығы пайдалануға беріледі. Бұл жұмыстар «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде жүргізіліп отыр. Құрылыс қарқыны бойынша Абай облысы көш бастап тұр. Мұнда 62 медициналық ғимарат салынды. Бұдан кейін Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарының әрқайсында 49 нысаннан бой көтерді. Құрылысқа арнаулы мемлекеттік қор мен жергілікті бюджеттен және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде қаржы бөлініп отыр.
Медициналық нысандар құрылысы:
Барлығы – 655 нысан
Медициналық пункт – 260
Фельдшерлік-акушерлік пункт – 235
Дәрігерлік амбулатория – 160
Медициналық нысандар құрылысы:
508 нысан салынды
Биыл – 150-ге жуық нысан
Абай облысы – 62
Түркістан облысы – 49
Батыс Қазақстан облысы – 49