Германия Израильге қару-жарақ жөнелтуді уақытша тоқтатады, деп хабарлайды 24kz.
Неміс канцлері Фридрих Мерц мұны Израильдің Газа секторын түгелдей жаулап алу жоспарын жариялағаннан кейін мәлімдеді. Ол Германия үкіметі әскери техникалардың аумақтағы бейбіт тұрғындарға бағытталғанын қаламайтынын айтты. Оның үстіне Израильдің жаңа операциясы Газа секторана кіретін гуманитарлық көмекті шектеп, жағдайды одан сайын ушықтыруы мүмкін деп алаңдайды.