Қытайдың Цзинганшань қаласында гандболдан Азия чемпионаты өтті, деп жазады Egemen .kz.

Аталған додада Қазақстанның қыздар құрамасы сәтті ойын көрсетіп, 2026 жылы өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына жолдама иеленді.

Құрлықтық біріншілікте жартылай финалға дейін жеткен қыздар командасы үшінші орынға таласу ойынында Оңтүстік Кореяға (21:30) жол берді. Әйтсе де үздік төрттікке еніп, әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болды.