Атышулы продюсер Баян Алагөзова мас күйінде әуежайдан ұсталған Жұбаныш Жексенұлын жақтап шықты.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Продюсер өз ойын желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Өзіңіз ойлап көріңіз, біреу сізді түсіре бастайды, камераны алып немесе сізді түсіруге бола ма деп жатса. Ол кезде адам жай ғана отырып, тамағын ішіп отырса, сонда сөйту керек пе? Мүмкін ол балаларымен сөйлесіп отырған шығар немесе түнімен ұйықтамай шыққан шығар.
Кейде әртістерде болады, мысалы Павлодардан 400 км-ден келуі мүмкін. Ол жай ғана шаршауы мүмкін және ондай жағдай кез келген адаммен болуы мүмкін. Ал егер ол әртіс болса, онда мұндай видео бүкіл желіні шарлап кетеді.
Мүмкін әртістің де суретке түскісі келмеді. Тіпті рұқсат та сұрамайды, олар жай ғана телефонды қосып, түсіре бастайды, селфи жасайды. Мен ондайда айтамын, кешіріңіз мен сізге рұқсат бердім бе деп. Сондай мәдениетсіз адамдар бар, мүмкін Жұбанышта да солай болған шығар.
Тыныш отырған жерінен, мүмкін біреу келіп, селфи жасайық деп мазасын алған болар. Менің ойымша ол жайдан жай осылай ашуға булықпайды, сондықтан екі тарапты да қарау керек», — деді продюсер.