АҚШ-тың Ұлттық ғарыш агенттігі қызметкерлерінің 20%-ын қысқартады.
Бұл туралы NASA-ның баспасөз хатшысы хабарлады. Айтуынша, ұйым 4 мыңға жуық адамын жұмыстан босатады. Шара президент Дональд Трамптың мемлекеттік бюджетті тиімді игеру саясаты аясында жүзеге асқалы отыр. Оның мақсаты кей мемлекеттік мекемелердің құрамын азайтып, шығынды азайту. Бірақ жергілікті басылымдардың жазуына қарағанда, NASA қызметкерлерін қысқарту Ай мен Марсты зерттеу бойынша негізгі ғарыш бағдарламаларына кері әсер етуі мүмкін.