«BIG Шанхай» сауда орталығындағы өрттен зардап шеккен кәсіпкерлердің несиесі жарты жылға шегеріледі.
Қызыл жалыннан келген шығын көлемі шамамен 11 миллиард теңгеден асқан. Алдын ала мәлімет бойынша 260-тан астам бизнес өкілінің жұмысы тоқтаған. Қайта аяққа тұру үшін оларға кемінде 6 айға дейін жеңілдік жасалады. Яғни, несиелері жарты жылға шегерілетін болады. Бұл туралы бүгін кәсіпкерлермен болған кездесу барысында айтылды.
Екінші деңгейлі банктер мен қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бизнес өкілдеріне көмек қолын созуға дайын екендерін жеткізді. Ведомствоаралық жиынға қаржы ұйымдары мен қалалық әкімдік өкілдері қатысты. Айта кетсек, арнайы комиссия әрбір өтінішті жеке тәртіппен, нақты жағдайларға сүйене отырып қарастырады.