Сан ғасыр бойы шексіз шетсіз сары даланы салт атпен кезген атам қазақ жолдың азабын өзгелерден артық біледі. Мұндайда «жол азабы — жан азабы» дейді. Иә, тіршіліктің күретамыры саналатын жол кез келген елдің дамуының басты көрсеткіші. Өзгелермен терезесін тең етіп, қарым-қатынасты қалыптастыратын да — жол. Бұл бағытта біз табан тіреген Ақтөбе өңірінде қандай жобалар қолға алынды?