Жерорта теңізі 6 градусқа жылыды .
Бұған Еуропалық одақ жанындағы Коперник атындағы климат орталығынының ғалымдары өткен айға жасаған зерттеуі дәлел. Әсіресе теңіздің Испания мен Франция тарапы қатты ысыған. Ол жақта әдеттегі 24 градус 30 градусқа дейін көтерілді. Судың жылынуына аптап ыстық әсер еткен. Сарапшылар бұл құбылыс теңіздің экожүйесіне теріс әсер етуі мүмкін дейді. Яғни маржандар, балдырлар және балық пен ұлудың кейбір түрлеріне күйіп кету қаупі төніп тұр.