Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте жоғарылады.
Халықаралық дзюдо федерациясы Будапешттегі (Венгрия) әлем чемпионатын қорытындылап, үздіктердің тізімін жаңартты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Әбиба Әбужақынова екін саты жоғарылап, екінші орынға жайғасты.
Отандасымыздың еншісінде 5662 ұпай бар. Бірінші орынға италиялық Ассунта Скутта (5958 ұпай) шықты. Ал франциялық Ширин Букли 5170 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейін) Будапештте (Венгрия) өткен әлем біріншілігінің финалында Италия өкілі Ассунта Скуттаға есе жіберіп, күміс медаль жеңіп алған еді.