Балқашта маса қаптап, тұрғындардан маза кетті .
Қансорғыштардан шаршаған қала халқы әкімдіктен көмек сұрап отыр.
Шаһарда сәуір айынан бері екі рет улау жұмыстары жүргізілген.
Балқаштағы көпшілік жиналатын орындарда маса қаптап жүр. Күндізгі аптап ыстықтан соң далаға шыққан жұрттың берекесі кетті. Әсіресе балалар алаңсыз ойнаудан қалды, дейді тұрғындар.
БЛИЦ
- Былтыр болған жоқ мүлдем. Осы биыл бір айдың шамасында қаптап кетті масалар. Бала-шағамен, немерелермен қиын болып тұр. Өте маңызды. Шыға алмаймыз.
- Балаларға обал біттей. Кешкісін далаға серуенге шықса шағып тастайды. Уласа кішкене жақсы болар еді.
Жақында туристік маусым ашылды. Көкше көлде демалғысы келетіндер көп. Бірақ масадан құтылмасақ, туристерді тарта алмаймыз, дейді қаланың байырғы тұрғыны Владимир Заречный.
Владимир Заречный, қала тұрғыны:
- Биыл маса өте қалың. Далада жүру мүкмін емес. Мазаны алған соң үйге тығыласың. Туристерден де шағымды көп естіп жүрмін. Сырттан келгендер басында білмей қалады. Жағаға күнге қыздырынамын деп шығып масаға күптей болып таланғандарды да көрдік.
Қала әкімінің айтуынша, масаға қарсы улау жұмысы сәуір айында басталған. Мамыр айында 10 күндей жаңбыр жауып, дезинфекция қысқа мерзімде аяқталған. Кейін күн ысығанда қансорғыш қаптап кеткен. Қазір улау жалғасып жатыр. Әсіресе көл жағалауы, қоқыс төгілетін аумақ, жасыл желек пен қамыс арасы түгел қамылуда. Маңайдағы Бұқты-Бертіс, Тораңғылық, Шұбартүбек туристік аумақтары да назардан тыс қалмайды.
Сапар Сатаев, қала әкімі:
- Біз осы туристік уақыт біткенше қыркүйек айына дейін әр жұма сайын улау жұмыстарын жүргізетін боламыз. Сонымен қатар біздік анау қаланың сыртында тұрған шалшық сулар, водоемдар бар ғой сол жерлерде бактериялық әдіспен жұмыс жасайтын боламыз. Суға жіберіледі де, ол өзі ана масаның дернәсілдерін жеп бітіреді.
Бүгінде Балқашта масаға қарсы 280 гектар жер уланған. Жалпы облыс бойынша дезинфекциялау жұмысы үш кезеңмен жүргізіледі. Мысалы Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхана ауданында 382 мың шаршы метр жер, ал Қазыбек би ауданында 200 мың шаршы метр жер дәріленген.
Руслан Нұрланұлы, Сайран Ақамбаев, Аман Хамит