Жетісу облысында күн жылынғалы орманды алқап екі рет отқа оранып, 584 гектарды қызыл жалын шарпыды.
Бұдан бөлек далалы және таулы жерде тұтанған 79 өрт сөндірілді. Осыған байланысты төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері алдын алу шараларын күшейтті. Дрондарды қолдану арқылы от жағып, қауіпсіздік талаптарын бұзған 59 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар биыл өрт сөндіру бөлімі жоқ елдімекендерде 50 шақты арнайы бекет ашылды.
Еламан Әубәкіров, ТЖД басқармасының аға инженері:
- Өрт қауіпсіздігі кезеңде өрттердің алдын-алу үшін департаментпен күнделікті ғарыштық мониторинг жүргізіледі. Бейнебақылау және пилотсыз ұшу апараттары қолданылады. Сонымен қатар облыс аумағында 120 адамнан құралған мобильді топ бар.