Үндістанда әлемдегі ең биік теміржол көпірі ашылды. Нысанның қызыл лентасын қиған премьер-министр Нарендра Моди мұны елдегі инженерия саласының тарихи жетістігіне балады.
Көпір Кашмирді Үндістанның өзге аймағымен байланыстырады. 359 метр биіктікте салынған нысанның ұзындығы 1,3 шақырым. 8 балдық жер сілкінісіне төтеп беруге қауқарлы. Бірегей жобаның құны 181 млрд доллар. Сарапшылар: «Жаңа көпір жүк тасымалын жеделдетіп, туризмнің дамуына жол ашады», – деп отыр.