Израильдің әскери-әуе күштері Ливан астанасының маңын бомбалады. Ресми Тель-Авив Операцияның мақсаты – «Хезболла» ұйымының дрондар жасайтын жерасты қоймалары мен өндірістік нысандары орналасқан 8 ғимаратты талқандау болғанын айтады.

Израиль әскері шабуыл жасардан бұрын бейбіт тұрғындарды көшіру туралы ескерту жариялады. Соққы салдарынан қаза тапқандар туралы ақпарат түскен жоқ. Ливан билігі Израиль былтыр қарашада енгізілген оқ атпау режимін бұзды деп айыптады. Алайда бейбіт бітімге келу шартында Израиль қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда әскери іс-қимылға бару құқығы барын алға тартады.