Франция үкіметі жағажай, саябақ және мектеп маңында темекі тартуға тыйым салмақ. Бұл шектеу 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Мақсат — балаларды жаман әдеттен қорғау. Жаңа тыйым дәмхана мен мейрамханалардың ашық террасаларын, автобус аялдамаларын және спорт мекемелерін де қамтиды. Франция Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, шылым шегуден елде күн сайын 200 адам қайтыс болады екен.
