Түркияның Измир қаласында жойқын жер сілкінісі болды. «Рейтер» агенттігінің мәліметі бойынша зілзала қуаты 6,2 балға жеткен.
Дүмпу ошағы Жерорта теңізінде 68 шақырым тереңдікте анықталды. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Үрейі ұшқан тұрғындар саябақтарға ағылған. Жергілікті биліктің мәліметі бойынша қаланың инфрақұрылымы бүлінбеген.