Нигерияда төпелеп жауған нөсерден 151 адам қаза тапты. 3 мыңдай адам үйін тастап кеткен. Мұны жергілікті билік өкілдері хабарлады. Табиғи апат елдің Нигер штатында болған. Қайтыс болғандардың саны бұдан да көп болуы мүмкін. Себебі құтқарушылар тасқыннан зардап шеккен аудандардың кейбіріне әлі жеткен жоқ. Құтқарушыларға сүңгуірлер мен жергілікті тұрғындар көмекке келді.
Арай Төлегенқызы