Бүгін Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында өткен «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиум елдік рухты оятып, ұлттық танымды кеңейткен алқалы жиын болды. Сақ пен ғұннан бастау алған, түркі дәуірімен жалғасқанелдігіміздің жаңа парағы – Алтын Орда дәуірі. Қазақ хандығы осынау мемлекеттің заңды жалғасы. Оны бүгінгі халықаралық симпозиумда сөз сөйлеген Мемлекет басшысының және шетелдік қонақтардың баяндамасынан аңғардық.

ЮНЕСКО сияқты беделді халықаралық ұйымныңқолдауымен ұйымдастырылған бұл алқалы жиынАлтын Орда мұрасының әлемдік ауқымдағы мән-мағынасын тағы бір мәрте айқындап берді. Қазақмемлекеті үшін Алтын Орда – жаңа дәуір, жаңатарих. Алтын Орда қала мәдениеті мен дала мәдениетін тоғыстырған алып империя. Ғылым мен білім кеңінен жайылып, әдебиет пен мәдениеткөтеріле түскен, өркениетті қоғамның негізі осы дәуірде қалана бастады. Президентіміз «АлтынОрда дәуірі отандық тарихымыздың маңыздыбөлігі, сонымен бірге біз бұл кезеңді ауқымдыөркениет парадигмасы тұрғысынан қарастырамыз» деуі осы ойды сабақтап тұрғандай.

Сондай-ақ алқалы жиынның ашылуында Мемлекетбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзіөткен тарихымызды түгендеп қана қоймай, болашаққа бағдар сілтейтін стратегиялықтұжырымдарға толы болды. Халықаралық симпозиумында көшпелі өркениеттің алтын дәуірі саналатын Алтын Орда бүгінде жаңа ғылыми көзқарастың өзегіне айналып отырғандығын бағамдадық. Астанада өтіп жатқан халықаралық симпозиум осы ұлы мұраны зерттеуге әлем ғалымдарын біріктіріп, тарих пен болашақты жалғайтын диалог алаңын қалыптастырды.

Ең алдымен, бұл жиын біздің тарихи санамызды ескі қасаң догмалардан арылтуға үлкен қозғау салды. Ұзақ жылдар бойы саяси конъюнктураның әсерінен көшпелі халықтарды «жабайы, мемлекеттілік деңгейіне жете алмаған күш» ретінде көрсетуге тырысқан ескі көзқарастарға жауап табылды. Президент сөзінен, Алтын Орданың 6 миллион шаршы шақырымнан астам аумақты алып жатқан, темірдей тәртіп пен заң үстемдігі орнаған, өзіндік ақша мен салық жүйесі бар («теңге» атауының өзі осы дәуірдегі «данг» сөзінен бастау алатыны – бұған бұлтартпас дәлел) қуатты институционалды мемлекет болғанын тереңірек ұғындық.

Президент баяндамасындағы екінші маңызды мәселе – рухани сабақтастық. Алтын Орда феноменін Әбу Насыр әл-Фарабидің әділдік туралы ілімінен, Қожа Ахмет Ясауидің «түркілік ислам» доктринасынан, биыл 800 жылдығы аталып өтілетін «Ақсақ құлан» күйінен және Кетбұға, Асан Қайғы, Шалкиіз, Доспамбет сияқты жыраулардың мұрасынан бөліп қарау мүмкін еместігі. Мемлекет басшысы рухани сабақтастықты Абайдың «Толық адам» тұжырымдамасымен сабақтастырды. «Осы зияткерлік және рухани сабақтастық сан ғасырларды көктей өтіп, хакім Абайдың шығармаларынан көрініс тапты. Ұлы ойшыл «Толық адам» тұжырымдамасы арқылы кемеңгер тұлға тәрбиелеудің формуласын ұсынды. Оның өзегінде «нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат» үштағаны тұр. Сондықтан Ұлы даланың интеллектуалдық мұрасын табиғи түрде қалыптасқан, біздің өңірге тән идеологиялық субстанция ретінде атасақ, артық болмайды. Осынау рухани қазынаның бүкіл әлем үшін мән-маңызы зор. Бұл – біртұтас философиялық, идеологиялық мұра» деді – Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қорытындылай келгенде, Астанада өткен Алтын Орда симпозиумы тарихты зерттеу арқылы өткенді аңсап, ескілікті көксеу емес, ұлттық тарихымызды тереңірек зерттеу арқылы, ұлттық сана-сенімізді оятып, идеологиялық көкжиекті кеңейту мәселе болды.