Елордада LRT нысандарын таныстыру мақсатында алғашқы баспасөз туры өтті, журналистерге пойыздар мен жеңіл рельсті көлікті басқару орталығы көрсетілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
LRT бағыты Астананың негізгі көшелері мен аудандары арқылы өтетіні белгілі болды:
- Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы;
- Қабанбай батыр даңғылы;
- "Астана жұлдызы" стеласы;
- Mega Silk Way сауда орталығы;
- Ботаникалық бақ;
- Абу-Даби Плаза көпфункционалды кешені;
- Министрліктер үйі;
- Арыс көпірі;
- Қалдаяқов көшесі;
- Ұлттық мұражай;
- Нұрлы жол теміржол вокзалы.
LRT сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.
Пойыздар сағатына 60 км жылдамдықпен жүреді, ал ең жоғары жылдамдығы 80 км/сағ болады.
LRT пойыздары толықтай автоматты режимде – пилотсыз, заманауи GOA 4 деңгейлі басқару жүйесімен жұмыс істейді:
- есіктерді автоматты түрде ашу және жабу;
- тоқтату және жылдамдықты үдету;
- депоға кіру және шығу;
- пойыз құрамының жағдайын бақылау;
- пойыздар арасындағы қашықтықты бақылау;
- оператордың (жүргізушінің) қатысуынсыз басқа да функциялар орындау автоматты түрде орындалады.
LRT басқару орталықтарында деректер көрсетілетін үлкен экрандар ілінген және процесті онлайн бақылайтын диспетчерлер отырады.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада LRT сынақ режимінде жүруді аяқталды. Қазіргі уақытта желілерде тазалау және техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізілуде. Әкімнің айтуынша, жеңіл рельсті көлік осы көктемде іске қосылады деп жоспарлануда.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз