Қарағандыдағы Керамическая көшесінің видеосы желіде қызу тарап жатыр. Тұрғындар жолдың түрін көріп, «мынау жөндеу емес қой» деп шу шығарды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кадрдан асфальттың әр жері бөлек-бөлек жамалғаны байқалады.

Әсіресе жұртты бұл жолдың мектептің қасында жатқаны алаңдатып отыр.

Қаладағы жол бөлімі бұл көшеге орташа жөндеу 2026 жылы жоспарланғанын айтқан.

Алайда қаржы жетпей, жұмыс келесі жылға қалыпты.

Әзірге тек қауіпті жерлеріне шұңқыр жамалған.

Бірақ тұрғындар мұндай “жөндеуге” көңілі толмайтынын жазып жатыр.

Желіде «жол емес, жамаудың картасы болып кеткен» деген пікірлер де көбейген.