АҚШ-тың федералды соты президент Дональд Трамптың сауда тарифтерін енгізуге тыйым салды. Сот Америка лидері шетелдік тауарларға ауқымды баж салығын салу арқылы өз өкілеттігін асыра пайдаланды деп шешкен. Бұған Трамп АҚШ-тың сауда саясатын өз қалауына бағындырып, экономикалық бей-берекетсіздік тудырды деген шағымдар түрткі болған. Сот шешімінен бірнеше минут өткенде Трамп әкімшілігі апелляциялық шағым түсірді. Ал федералды соттың шешімінен кейін қаржы нарықтарында өсім байқалды. Доллар бағамы өзге валюталарға қарағанда нығайып, акциялар өсті.

Арай Төлегенқызы