Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен келіссөз жүргізді , деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевке Ташкентке мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны және дәстүрлі қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдірді.

Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев. Фото: Ақорда

️Кездесу барысында мемлекеттер басшылары қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі дамыту перспективасын егжей-тегжейлі талқылады.

Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев
Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев. Фото: Ақорда

️Президенттер сауда, өнеркәсіп кооперациясы, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстары секілді басым бағыттардағы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты нығайту мәселелерін қарастырды.

️Сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз