Антарктидада 6 миллион жыл бұрынғы мұз табылды.

Мұны американдық ғалымдар Аллан төбешіктері аймағында жүргізген зерттеу кезінде анықтады. Ғалымдар мұз қабаттарынан алынған үлгілерді тексеру барысында ежелгі дәуірлерден сақталған ауа көпіршіктерін тапқан. Оларды химиялық талдау нәтижесінде Антарктидадағы орташа температура шамамен 12 градусқа төмен болған. Бұл Жердегі климат қазіргіден әлдеқайда жылы болғанын көрсетеді, дейді мамандар.