Әлемге белгілі Гарвард университетінің оқытушылары мен студенттері шеруге шықты. Осылайша олар президент Дональд Трамп әкімшілігінің қысымына қарсы бас көтеріп, гранттарынан қағылып, қуылып жатқан халықаралық студенттерге қолдау білдірген.

Шетел асып келген шәкірттердің өзі: «Біз жау емеспіз, бізбен соғысудың қажеті жоқ», – дейді. Гарвардта қазір 6800 шетелдік бар. Бұл барлық студенттің 27%-і. Өткен аптада үкімет университетке бөлінетін грантты алып тастады. Тегін оқытудың жалпы шығыны 3 миллиар долларға жуықтайды. Университетке теңдік және инклюзия бағдарламаларынан бас тарту талабы қойылған. Бірақ оқу орны оны орындамай, Трамп әкімшілігін сотқа берді.