Атырау облысында жасөспірімді қағып өлтірген автобус жүргізушісіне сот үкімі шықты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мән-жайы
7 шілдеде Құлсарыда автобус жүргізушісі О. көше қиылысында жол жиегіндегі жол белгісін елемей, кәмелетке толмаған Б. тізгіндеген мотоциклмен соқтығысқан. Салдарынан кәмелетке толмаған Б. есін жимастан ауруханада қаза тапқан.
Сотталушы сотта өз кінәсін мойындамаған.
Сот шешімі
Сотталушы ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған 5 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!