Құтқарушыларға қоғамда лайықты баға берілуі тиіс. Мемлекеттік органдар соған жауапты. Ауыр болса да абыройлы мамандықты насихаттауға бұқаралық ақпарат құралдары мен өнерпаздардың үлес қосқаны абзал. Тіпті ең беделді кәсіпке айналуына күш салу керек. Мемлекет басшысы құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың мәртебесін көтеру жайлы айтты. Қазірдің өзінде аталған салаға айтарлықтай қолдау бар,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
1700-ден аса арнайы техника алынып, 42 өрт сөндіру депосы және құтқару станциясы салынды. Аудандық төтенше жағдай бөлімшелері заман талабына сай жаңғыртыла бастады. Соңғы екі жылда еңбекақылары 77 пайызға өсті. Енді үстемеақы төленбек. Тұрғын үй төлемдері мен әлеуметтік жеңілдіктер де беріле бастаған. Президент бұндай демеудің жалғаса берететінін жеткізді.