Жазда жуылған киім әдетте бірнеше сағатта-ақ кеуіп қалады. Ал күзде, әсіресе жылу берілмей тұрғанда, киім тәуліктеп кеппей қалуы мүмкін. Бірақ мұны тездетудің бір қарапайым әдісі бар, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жылу маусымы басталмай тұрғанда пәтер ішінде салқыннан гөрі ылғал көбірек болады. Ауа дымқыл болғандықтан, киім дұрыс кеппейді. Ал кейбір пәтерлердегі сүлгі ілетін жылытқышқа көп нәрсе сыймайды.

Кептіргіш машинаңыз жоқ болса, мына қарапайым әдісті қолданып көріңіз. Ол үшін сізге бір құрғақ сүлгі ғана қажет.

  • Киімді әдеттегідей жуып алыңыз.
  • Машинадан шығарып, шараға салыңыз.
  • Құрғақ таза сүлгіні алыңыз да, киімді орап, сүлгімен басыңыз — артық суды сіңіреді. Қажет болса, үстіне қағаз сүлгілер қоюға болады.
  • Әр киімге жеке сүлгі қолданған дұрыс, бірақ бір сүлгіні бірнеше рет пайдалануға да болады, тек тым ылғал болмауы керек.
  • Киімді құрғатқанда терезені ашыңыз — ауа айналып, үй ылғал болмайды.
  • Киімді дұрыс жуу мен сұрыптау маңызды: ақ киімді түсті киімдермен бірге жумаңыз, киімдерді ақ, ашық, түсті және қара түстерге бөліп жуыңыз.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget