Оқу жылы басталғанда балаларға бірден күнделікті режим қалыптастыру оңай болмайтыны анық. Осы орайда министрлік ата-аналарға кеңес берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі пайдалы әдеттер қалыптасуына ықпал етеді, жүйке жүйесін нығайтады және шаршау деңгейін төмендетеді. Режимнің негізгі компоненттері:
- үй тапсырмаларын орындау;
- белсенді ойындар және міндетті түрде таза ауада демалу;
- дұрыс тамақтану;
- жас ерекшелігіне сәйкес толық ұйқы;
- қызығушылығы бойынша бос уақыт.
Үй тапсырмасын қанша сағат орындаған жөн?
- Кіші сыныптар үшін (1-4 сыныптар) үй тапсырмасын орындауға 1,5-2 сағаттан артық емес;
- 3-4 сынып оқушылары үшін 2 сағатқа дейін;
- Жоғары сынып оқушыларына әр 40 минут сайын міндетті үзіліс жасай отырып, күніне 3-4 сағатқа дейін.
Тамақтану бойынша
Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, бала күніне 4-5 рет 3,5-4 сағаттан аспайтын аралықпен тамақтануы керек.
Бос уақыт бойынша
"Шығармашылық және хобби үшін күніне кемінде 1-2 сағат берілуі керек", — деп кеңес берді мамандар.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!