АҚШ президенті Дональд Трамптың Еуроодақ елдерінен келетін тауарларға 50%-тік салық салуды кейінге шегеру шешімінен кейін америкалық акциялардың фьючерстері қымбаттады. Тарифтер 9 шілдеге дейін әзір енгізілмейді.
Инвесторлар осылайша түпкілікті келісімге келуге болады деп үміттенеді. S&P құнды қағаздары 0,8%, Nasdaq 1% өсті. Bloomberg-тің хабарлауынша, Brent маркалы мұнайдың баррелі 65 долларға артқан. Бірақ алтын фьючерстерінің құны жарты пайызға түсіп, унциясы 3380 долларға дейін арзандады. Былтыр алтын рекордты сома 3,5 долларға дейін қымбаттаған еді.