Астанада жаяу жүргіншілер жолындағы тастар опырылып, қыз су толы шұңқырға түсіп кеткен, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде жолдың ортасындағы шұңқырың суреті пайда болды. Оқиға Керей, Жәнібек хандар көшесі, 18 мекенжайында, "Қобыз сарайының" маңында болған. Пабликтердің мәліметінше, қыз жылап жіберген.

Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылған.

"Ауруханаға жеткізуден бас тартты. Оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілді", – деп мәлімдеді Астана Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АСТАНА | ASTANA | СХОДИМ | POKAZHET (@v_astane_official)

Ал "Астана су арнасы" мекемесі оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз екенін хабарлады.

"1000 миллиметрлік коллектордың үстінде тастар опырылып кеткен. Шұңқыр пайда болып, түбінде су жиналған. Оқиға орнына дереу "Астана су арнасы" бригадасы жетті. Қазір қазу және техникалық тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жағдай толық бақылауда. Оқыс оқиғаның себептері жұмыстар аяқталған соң белгілі болады", – деді мекеме өкілдері.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget