Елімізде «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында алғашқы пилоттық жобалар қаржыландырыла бастады. Ұлттық жоба Президенттің Жолдауда берген тапсырмасы аясында әзірленді. Бүгінде оның нормативтік құқықтық базасы жасақталып, іске қосылды. Құжат 2029-жылға дейін ел бойынша су, жылу, электр энергетика саласындағы желілердің тозу деңгейін азайтып, отандық мердігерлерді және отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған. Бүгінде жобаларды қаржыландырудың екі тетігі белгіленді. Монополист кәсіпкерлер «Қазақстан даму банкі» арқылы қаржыландырылса, мемлекеттік монопилист кәсіпорындар «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» арқылы, облигация шығару арқылы қаржыландырылады. Ал оны қайтару мерзімі 5 жылдан 20 жылға дейін. Бұл халық төлейтін тарифтік жүктемені азайтуға көмектеспек. Бұл туралы Ақтауға арнайы келген жұмыс тобының өкілдері мәлімдеді. Олар жергілікті монополистер, мердігерлер мен отандық тауар өндірушілермен кездесіп, ұлттық жобаның негізгі бағыттарын түсіндірді.
Арман Мәлік, Премьер-министрдің орынбасары:
Бізде уже пилоттық жобалар іске асырылып жатыр. Мысалға кеше ғана Павлодар, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстанда 10 жоба бойынша бірінші қаржыландыру көздері жүзеге асты. 22,5 млрд теңгеге Қазақстан тұрғын үй компаниясы жергілікті әкімдіктердің облигациялары сатып алынды. Ол облигацияларды қайтару мерзімі ұзақ мерзімді. Ол сәйкесінше тарифке жүктемені азайтып отыр.
Аягөз Оралбайқызы