Колумбияда бір мезетте екі шабуыл жасалып, кемінде 17 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24kz.
Кали қаласында әскери авиация мектебінің жанында көлікке қойылған бомба жарылған. Бес адам опат болып, 30-дан астамы ауыр жараланды. Ал Антиокия аймағында полиция қызметкерлерін алып бара жатқан тікұшаққа шабуыл жасалған. Әуе көлігі өртеніп, 12 полицей қаза тапты. Билік бұл әрекеттерді Колумбияның бұрынғы революциялық қарулы күштер ұйымынан шыққан топтар жасады деп есептейді. Ел президенті жарылыс болған жерде диссиденттік топтың күдікті мүшесі ұсталғанын мәлімдеді.