Қазақстанда қан мен лимфа жүйесінің онкологиялық аурулары бар 13 мыңнан астам науқас есепте тұр.

Ал жыл сайын олардың саны 2,5 мыңға артады. Статистика мәз емес. Бірақ осындай ауруды емдеуде ауыз толтырып айтатындай жетістіктер бар. Астанадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығында мұндай науқастарға арналған палаталар көбейді. Бұл пациенттердің кезекте тұру уақытын екі есе қысқартып, сүйек кемігі транплантациясы санын арттырады деп күтілуде. Дәрігерлердің айтуынша, бұрын науқастар транплантацияны 8-9 ай күтсе, енді 3-4 айдың ішінде көмек ала алады.

"Шетелдік медицина Қазақстанға қарағанда жақсы!". Осындай пікірді ұстанғандардың бірі Дәулет Сәбденов. Бірақ төрт жыл бұрын оның ойы түбегейлі өзгерді. Дәулет қатты сырқаттанып, ауруханаға түскенде оған «жедел лимфобластты лейкоз», яғни қан рагы деген диагноз қойылған. Аты жаман аурудан шипа іздеген кейіпкеріміз Шымкенттен Астанаға келіп, Ұлттық ғылыми онкология орталығына түскен. Ал мұндағы мамандар оған сүйек кемігі трансплантациясын жасап, өмірін сақтап қалды. Енді Дәулет Сабденов орталықта жыл сайын жағдайын бақылап тұрады.

Дәулет Сәбденов, сүйек кемігі трансплантациясын жасатқан емделуші:

- Бұяққа 2021 жылы қаңтар айындатүс кенмін. ОМЛ (Жедел миелоидты лейкоз) деген диагнозбен. Сол кезде химиотерапия өттім, сол кезде августтың 10-ына маған трансплантация костного мозга жасатылды. Донор туған інім болды. 100% аллогенный донор болды. Жағдайым қазір жақсы. Құдайға шүкір, жүрміз.

Айта кету керек, Қазақстанда ересек адамдарға сүйек кемігі трансплантациясын жасайтын жалғыз медициналық мекеме бар. Ол Ұлттық ғылыми онкология орталығы. Мұнда сүйек кемігі трансплантациясының барлық түрін халықаралық стандарттарға сай жасайды. Науқастың өзінің дің жасушаларымен аутологиялық трансплантация, ал туыс донордан аллогенді транплантация жүргізіледі. Дәрігерлердің сөзінше, бұл қан рагын емдеудің негізгі жолы.

Әсет Құттымұратов, "Ұлттық ғылыми онкология орталығының" гематолог-дәрігері:

- Жедел лейкозды емдеу бұл өте күрделі. Біздің орталықта үлкен дозалық химиотерапиялар жасалынады. Сол химотерапиядан кеін арнайы контролдік негізде сүйек кемігін тексереміз. Бұл жерде негізгі емнің мақсаты бласттық лейкоздық клеткалары 90% болған науқастарды 5%-дан төмен түсіру. Егер 5%-дан төмен түссе біз ремиссия деп атаймыз. Сол барлығымыздың осы жердегі қызметкерлерің мақсаты сол ремиссияға жету және осы ісік жасушаларын толық жою.

Қазір бөлімде осындай пациенттерге арналған 15 палата бар, бұрын 6 ғана болған. Ал жақында орталықтағы тағы бірнеше бөлме жабдықталып, төсек орын саны 21-ге дейін көбейтіледі. Бөлім басшысының айтуынша, бұл неғұрлым көп науқасты ем-доммен қамтып, сүйек кемігі транплантациясының санын арттыруға көмектеседі.

Вадим Кемайкин, "Ұлттық ғылыми онкология орталығының" онкогематология орталығының басшысы:

- Америка, Ұлыбритания, Франция, Жапония сияқты қарқынды дамыған елдерде жылына 450-500 мың транплантация жасалады. Бұл 10 млн адамға шаққанда. Шығыс Еуропа елдерінде 180-200 операция жасалады. Біз де осындай жоғары деңгейге жетуді көздейміз. Бүгінде орталықтағы онкогематология бөлімі кеңейіп, палаталар көбейді. Сол арқылы біз жылына 200 транплантацияға дейін жасауды жоспарлап отырмыз.

Биылғы алта айдың өзінде орталықта 1400-ге жуық адам қан ауруынан емделді. Ең көп кездесетін өткір лейкоз, лимфома және миелома. Осы кезеңде 60 сүйек кемігін ауыстыру операциясы жасалды. Қазіргі тағы 45 науқас операцияға дайындалып жатыр. Донорлар тізімінде 13 мыңнан астам адам тіркелген.

Ғазиза Мұхамеджанова, Мерей Талап