Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) жыл басынан бері қазақстандықтарға қандай көлемде төлем жасалғанын жариялады, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.
Қор мәліметінше, төлемдердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінің (БЗТ) еншісінде, бұл дегеніміз — 451,58 млрд теңге.
Зейнет жасына толуына байланысты 6 ай ішіндегі төлемдер — 118,79 млрд теңге.
"Жыл басынан бері 1 шілдеге дейін мұрагерлік бойынша 34,58 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 19,18 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға 1,58 млрд теңге, жерлеуге 5,36 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 151,78 млрд теңге аударылды", — деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 24 трлн теңгеден асқан.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!