Астанадағы «Виктория» тұрғын үй кешенінің ауласында дабыл қақтырған жол-көлік оқиғасы болды. Жеңіл автокөліктің жүргізушісі алты жастағы баланы қағып кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Салдарынан бала жарақат алып, оған гипс салынды. Қазір оқиғаның мән-жайы мен жүргізушінің әрекеттері тексеріліп жатыр.