Ақтау қаласының жылу желілерін реконструкциялауға Үкімет резервінен шамамен 3,6 млрд теңге бөлінді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды. Жалпы құны 13,8 млрд теңге болатын бұл жобаны іске асыру 2024 жылы басталды.

"Жоба аясында екі құбырлы жүйемен 5,5 шақырым жылу желісі тартылды. Ескі болат құбырлар бөлшектеліп, олардың орнына 530 мм-ден 1020 мм-ге дейінгі заманауи құбырлар орнатылып жатыр. Сондай-ақ, 2024-2025 жылғы жылыту маусымында анықталған 375 ақау толығымен жөнделді", — деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Ақтау қаласының жылу желілерінің жалпы ұзындығы — 562 шақырым. Тозу деңгейі — 79%.

Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы жылу желілерін жылыту маусымына дайындауға Үкімет резервінен 2,5 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget