Сауда саласына енгізілген цифрлық жобалар кәсіпкерлерді қағазбастылықтан босатып, жұмыс үдерісін айтарлықтай жеңілдетті .
Енді зертханалар мен ірі кәсіп иелері барлық қажетті құжаттарды Техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы онлайн рәсімдей алады.
Жүйе 5 негізгі бөлімнен тұрады:
- Аккредиттеу бөлімі
→ Соңғы бір жылда 8 мыңнан астам қызмет көрсетілген.
- Сәйкестікті бағалау бөлімі
→ 150-ге жуық құжат шығарылып, 620 сертификаттау модулі іске қосылған.
- Метрология бөлімі
→ Өлшеу құралдарын тексеру туралы есеп толықтай цифрланған.
- Мемлекеттік бақылау бөлімі
→ Қадағалаушы органдар ұсыныстар мен хабарландыруларды жүктейді.
- Стандарттау бөлімі
→ 9 412 ұлттық стандарт жаңа форматта цифрланды. Әрбір электронды құжат QR-кодпен расталады, бұл оның түпнұсқалығын тексеруді жеңілдетеді.
Бұл жаңашылдық кәсіпкерлер үшін құжат айналымын жеделдетіп қана қоймай, ашықтық пен сенімділікті қамтамасыз етеді.