Астана күніне байланысты 7 шілдеде ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
5 шілде — кезекші ХҚКО-лар мен МХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Бұл күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары 9:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді, мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштер 12:00-ге дейін қабылданаы, ал дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алып кетуге болады.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс күні бір сағат бұрын басталып, бір сағат бұрын аяқталады.
8 шілдеден бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталығы әдеттегі кестеге сай қызмет көрсетеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!