Қайғылы оқиға Ақмола облысы Зеренді ауданы Қызылсая ауылында 2 шілдеде болған. 13 жастағы баланың туыстары оның жансыз денесін жазғы ас үйден тапқан. Полиция мән-жайды анықтап жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақмола облысының Полиция департаменті кәмелетке толмаған адамның қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды", — деді полиция.

Әлеуметтік желілерде бұл жайт қызу талқыланып жатыр. Бір нұсқа бойынша жасөспірімнің өліміне улы түтіндерден улану себеп болуы мүмкін.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget