Елге қайтарылған заңсыз активтердің қаржысы білім, ғылым саласына бағытталып отыр. Мәселен, бұған дейін қаражатқа 60-тан аса мектеп салынды. Биыл қосымша 28 білім ошағының құрылысы басталмақ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мамандары осылай деп отыр. Ал Алматыдағы мемлекетке қайтарылған төрт ірі нысанның үшеуі университетке, біреуі әкімдікке берілді.
Алып шаһардың беделді ауданында орналасқан бұл кешен мемлекет меншігіне толықтай өтті. Жалпы аумағы 12 гектарды алатын учаскеде 6 коттедж, тікұшақ қонатын алаң, 4500 шаршы метр болатын екі қабатты зәулім үй бар. Қалалық білім басқармасының айтуынша, енді бұл жерде жыл бойы үздіксіз жұмыс істейтін балалар орталығын ашу жоспарланған.
Майра Белгібаева, «Алматы дарыны» орталығы директорының орынбасары:
Қазіргі жоспар бойынша 55 мың баланы қамтимыз деп отырмыз. Ол көктемгі, жазғы демалыс кезінде әрі күздік, қыстық кездерде де қамтимыз. Және де республикалық, халықаралық деңгейде өтетін жарыстарға, оқу жаттығу жиындарын өткіземіз деп жоспарлап отырмыз.
Қайтарылған заңсыз активтердің қатарында бизнес орталықтары, әкімшілік ғимараттар, коммерциялық нысандар, люкс санаттағы автокөліктер бар, дейді агенттік өкілдері. Ал мына ғимарат бұған дейін сауда орталығы болған. Былтыр мемлекеттің меншігіне өтті. Содан бері ғылыми-зерттеу орталығы болып жұмыс істеп тұр.
Қанат Сәлімбаев, ҚР Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алматы қаласы бойынша департаментінің басқарма басшысы:
Жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі заңсыз шығарылған активтерді 1 трлннан астам қайтарылды. Оның ішінде 330 млрд теңгедей ақшалай бюджетке түсті. Сонымен қатар, халықаралық әріптестермен бірге 670 млн ақш доллары ақшалай қайтарылды. Барлық ақшалар әлеуметтік салаға жұмсалады.
Мемлекет меншігіне өткен активтер әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға, балалар мен жастарды қолдауға бағытталмақ. Құзырлы органдар заңсыз шығарылған қаражат пен мүлікті қайтару жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастыра береді.
Айдана Қуантхан