Елордада бильярдтан Ақселеу Сейдімбек атындағы дәстүрлі турнир өтті.

Журналистер күні қарсаңында ұйымдастырылған іс-шараның деңгейі мен ауқымы артып келеді. Биыл 14-мәрте өтіп жатқан турнирде қырықтан аса БАҚ өкілдері бас қосты. Ақпарат саласының майталмандары жоғары деңгейде ойын өрнегін көрсетіп, мерекені әсерлі атап өтті.

Нұртөре Жүсіп ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді деген қазақта мақал бар ғой соны айғақтайтын турнирге айналды. Бұл журналистердің ой-пікір алаңына, бас қосып, елдің ертеңіне қатысты, бүгініне қатысты мәселелерді талқылауға, ойнай жүріп ойласуға арналған жақсы бір турнир деп айтуға болады.

Қайрат Сақ, ЕҰУ Журналистика мәселелерін зерттеу институтының директоры:

- Биылғы ерекшелік жастар мен ақсақалдарымыз бірігіп, бір столдың басында әңгімелерін айтып жүріп қазір бөлдік. Тек қана ақсақалдарымызда реніш болмауы үшін ол кісілерге жеңілдік жасадық. 40 жастан аспағандар жеңілдік береді. Бұл дәстүр журналистер арасында кең танылған біледі. Осы турнирдің әңгімесі, өнегесі жыл бойы айтылады.