Ауылдарда үкіметтік емес ұйымдарды көбейту керек. Көкшетаулық қоғам белсенділері азаматтық форумда осындай бастама көтерді, деп хабарлайды 24kz.
Қазір өңірде 600-ден астам үкіметтік емес ұйым бар. Олар негізінен азаматтық бастамаларды қолдау бағытында жұмыс істейді. Десе де, ауылдарда мұндай ұйымдар жетіспейді. Форумда арнайы диалог алаңдары құрылып, қатысушылар республикалық азаматтық альянс президентіне ұсыныстарын жеткізді.
Бану Нұрғазиева, Қазақстан Азаматтық альянсының президенті:
- Қазан айында үлкен республикалық азаматтық форум өтеді. Сол жерде әрбір қазір өңірдегі өтіп жатқан форумдардан шыққан ұсынымдар, көтерген мәселелері сол жерде алып келіп, форумға дейін бір ұсынымдар жасаймыз. Біздің азаматтар белсенді болып, қандай да бір мәселеге араласып, бір шетінен шығып мемлекеттік органдармен жұмыс жасайтын болса, бұл біздің елімізге үлкен үлес болар еді.